Home Жаңалықтар Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздікті тек қана соғыспен, қантөгіспен алу керек...

Нұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздікті тек қана соғыспен, қантөгіспен алу керек пе? Біз тәуелсіздікті ақылмен алдық. Ата-бабамыздың жолымен алдық!»

77

Еліміз Қызыл империяның бұғауынан босап, тәуелсіз, азат мемлекет болғанына санаулы күндерден кейін 27 жыл толмақ. Осы 27 жылда жас мемлекетіміз бұралаңы мол, қалтарысы көп, даңғылы кем, болашағы бұлыңғыр жолды жүріп өтті. Адаспады. Өз жолын тапты. Бастының алдында иілмеді, тізеліге тік қарады, құшақ жайғанға қол ұсынды, түнергенге түр бермеді. Алысты жақын етті, жақынды бауырға тартты. Дос көрді. Керегесін мықтады, шаңырағын тіктеді. Жер-жаһанға танылды. Әлемге көк байрақты алаш баласы бар екенін мойындатты. Міне, соған 27 жыл болып жатыр.
Жасай бер, жасампаз жұрт!
Сонау тәуелсіздіктің өлара шағы, 1992 жылы от ауызды, орақ тілді марқұм Шерхан Мұртаза Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен үлкен сұхбат жүргізген екен. Төменде сол видео.

Алдыңғы жазбаМұғалімдерге арналған ұялы байланыс тарифі пайда болады
Келесі жазбаАқтауда жарылыс болды