Home Жаңалықтар Ақтауда жарылыс болды

Ақтауда жарылыс болды

57

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» жанармай бекеті орналасқан аудандағы метал қабылдайтын орында жарылыс болды. Оқыс оқиғадан екі адам қайтыс болып, тағы үш адам ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды «Лада» порталы.

Басылымның мәліметінше, жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. Расталмаған ақпаратқа сәйкес болған оқиғаға гранатаның жарылуы себеп болуы мүмкін.
Оқыс оқиға шамамен сағат 18-00-ге таман болған.
Қазір оқиға орны қоршауға алынып, полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.
Ал өңірдің ТЖД оқиғаға кейінірек пікір білдіретінін айтқан.
Облыстық денсаулық басқармасы қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты растаған. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Ал қалған екі адамның жарақаты орташа ауыр деп бағалануда.

Алдыңғы жазбаНұрсұлтан Назарбаев: «Тәуелсіздікті тек қана соғыспен, қантөгіспен алу керек пе? Біз тәуелсіздікті ақылмен алдық. Ата-бабамыздың жолымен алдық!»
Келесі жазбаForbes қаламақысы жоғары жазушылардың ондығын жариялады