Home Жаңалықтар Юлия Галышева фристайлдан әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды – Спорт

Юлия Галышева фристайлдан әлем Кубогы кезеңінде жеңімпаз атанды – Спорт

26

Қазақстандық спортшы Юлия Галышева Алматыда өткен фристайлдан могул тәртібі бойынша әлем Кубогының ақтық сынында топ жарды, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, Галышева іріктеу кезеңінде 77,34 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Ал үздік 16 спортшының арасында қазақстандық 84,82 ұпаймен топ жарды. Қазақстанның тағы бір өкілі Аяулым Әміренова – 53,26 ұпаймен жиырмасыншы орынға табан тіреп, іріктеу кезеңіне өте алмады. 

«Бұл соңғы жеңіс емес». Юлия Галышева алдағы жоспарлары жайлы айтты

Еске салайық, ақпанда 26 жастағы Галышева спорттық мансабында тұңғыш рет АҚШ-тың Юта штатындағы Парк-Сити қаласында өткен жарыста могулдан әлем чемпионы атанды.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаБейнебаянында есірткі бизнесіне қатысы барын айтқан рэпер сотталды – Шоу-бизнес
Келесі жазбаНобель сыйлығының иегері Жорес Алферов қайтыс болды – Жаһан