Home Жаңалықтар Неймарға «Ювентус» құда түсті – олар 100 млн евро мен Дибаланы ұсынды

Неймарға «Ювентус» құда түсті – олар 100 млн евро мен Дибаланы ұсынды

44

«Ювентус» Неймардың трансфері жөнінде «ПСЖ»-мен келіссөз бастады.

AS таратқан ақпаратқа сай, «Ювентустың» спорттық директоры Фабио Паратичи париждік клуб басшыларымен сөйлесіп, Неймар үшін 100 млн евро мен шабуылшы Пауло Дибаланы ұсынды.

Италиялық клуб Неймарға 37 млн евро жалақы төлемек – шабуылшы қазір Парижде тура осындай жалақы алып отыр.

Бұған дейін Неймарды алу үшін «Барселона» «ПСЖ»-ға неше-түрлі ұсыныс жасаған, бірақ француздар ешқайсысына келіспеді.

Осы «трансферлік терезеде» «Ювентус» 188 миллионов евро жұмсап үлгерді. Ал Дибала 86 мнл евроға «Тоттенхэмге» бармақ болған, тек соңғы сәтте Лондонға көшуден бас тартты.

Алдыңғы жазба«Nur Otan» партиясы отырысында ел дамуының негізгі бағыттары талқыланады – Назарбаев
Келесі жазба«Ешқайсың мыңқ демедің…». Nur Otan туының жұлынғаны Елбасының жанына батыпты