Өткен жылы президент Үкіметке ЖІӨ –ді 6 пайызға дейін жеткізу мәселесін қойған еді. Алайда үміт ақталған жоқ. Оны бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген жиынында премьер министр Олжас Бектеновтың өзі мойындап, меже 4,8 ғана болғанын айтты. Дегенмен Үкімет тоқырап тұрған экономикамен, қиындап тұрған елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін бірнеше қадамға барып жатқын тілге тиек ете кетті.
Соның бірі ҚҚС –тің (Қосылған құнға салынатын салық) мөлшерлемесін көтеру мәселесі. Бұл жерде Үкімет басшысының айтқандарымен толық келісуге болады. Шындығы сол жұмысшыларға төленетін салықтарды кеміте отырып, ҚҚС-ті көтеру өте дұрыс. Неге дейтінге келетін болсақ, өйткені көптеген жұмыс орындарында еңбекшілерге айлық табысты конфертпен бере салады. Яғни олардың табысын жасырады. Осылайша бюджетке түсетін салықтың жолы кесіледі. Егерде ҚҚС көбейтетін болса, онда жұмысшының тапқан табысын жасыру мүмкін болмайды. Керісінше ҚҚС –дан түсетін салық ел бюджетіне кетеді. Міне бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Қысқасы Үкіметтің жүзеге асырғалы жатқан бұл қадамы, елдің салық-бюджет жүйесін сауықтыру үшін жасалып жатқан іс-шарасы деп қабылдаған жөн. Әлбетте, Мемлекет басы Қасым – Жомарт Тоқаев қатысқан бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұдан өзгеде көптеген мәселелер қаралғаны белгілі.Оларды алдағы жазбаларымызда талдай жатармыз. Дегенмен, президенттің осы отырыста айтқан мына сөзін келтіре кеткенің артықтығы жоқ. Президенттің «Әлем экономикасында болып жатқан тарифтік тартыстар мен санкциялық текетірестер қалыпты жағдайға айналды. Бұл үдерістің салдары жойқын болуы мүмкін. Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет» деп ескертуі өткен жылғыдай, биылда ел эконмикасы қиындау кезді бастан кешетінін меңзесе керек-ті. Демек, Үкімет туындаған жағдайға байланысты шешімдерді жедел қабылдап, ширақтау жұмыс істегені дұрыс болмақ.