Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7 ақпанда өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысады.
Ақорданың баспасөз қызметі 5 ақпанда хабарлағандай, Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.
Отырыс 7 ақпанға белгіленіп, оған президент төрағалық етеді.
Іс -шара барысында еліміздің 2023 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер белгіленеді», – деп хабарлады баспасөз қызметі.Бұған дейін Үкіметтің кеңейтілген отырысын Сенат спикері Мәулен Әшімбаев мәлімдеген болатын.