Home Жаңалықтар Елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді –...

Елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді – Автокөлік

58

Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметі қайта қалпына келтірілді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ Әкімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

«Барлық арнайы ХҚКО мен тіркеу-емтихан бөлімшесінде көлік құралын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша қызметтер штаттық тәртіпте көрсетіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Ведомство өкілдері осы қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Еске салайық, кеше, 13 наурызда елімізде көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қызметінің уақытша тоқтатылғаны жайлы хабарланған болатын.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАҚШ-тағы турнирде қазақстандық бес зілтеміршінің бәрі де алтын медаль иеленді – Спорт
Келесі жазбаМинистр нан бағасының жоғарылауына қатысты пікір білдірді – Нарық