Home Қоғам Мектептегі медициналық кабинет қауіп ошағы

Мектептегі медициналық кабинет қауіп ошағы

73

Ауру мен ажал айтып келмейді. Алайда мұны ойлаған Қарағанды облысының мектеп дәрігерлері бар ма? Тіпті, білім ордасындағы ақ желең иелері оқушылардың өміріне жауапты екенін түйсіктеріне де, түймеген. Олай деуімізге негіз бар.

2022 жылдан бастап кеншілер шаhарындағы мектептеріндегі 3 мыңға жуық оқушы медициналық қызмет көрсетілмеген. Ендеше, мұндағы дәрінер мен медбике қызметке не үшін барған және жалақыны қандай еңбек өтілі үшін алған деген заңды сұрақ туындайды. Бұдан сорақысы, аймақтағы кейбір мектептерде жарамдылық мерзімі 5-7 жылы өткен дәрілер сақталған. Ұрпақ өміріне қауіп төндіретін былықтың бетін Қарағанды облысының прокурорлары ашып берді.
-Әлдебір мектептің медициналық кабинетінде аллергиялық және шок реакциясының ауыр түрін шұғыл емдеуге арналған «Преднизолон» ампулалары табылды. Әлгі препараттың мерзімі әлеқашан шыққан. Осылайша, қадағалау шаралары нәтижесінде ескірген дәрі-дәрмектердің қоры жойылып, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды,- деді облыс прокурорының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға көмекшісі Айжан Оразбекова.
Прокурорлардың сөзінше, соңғы мысал арқылы жеті мың баланың ғұмыры ауыр зардаптан құтқарылып, құқығы қорғалды.
Бұдан шығатын қорытынды, мектептегі медициналық кабинеттерді жалға алып отырған жауапты тұлғалар кімдер? Денсаулық сақтау басқармасы құзыреті жете тұра, қызмет түрін пайдаланушыларды жауапкершілікке шақырмаған? Алайда бұл сұрақ әзірге басы ашық күйінде қалып отыр. Бейресми ақпарат жеткізуші тұлға бізге облыстық әкімдік жанындағы экономика басқармасы келісім шарт бекітуші орган екенін жеткізді. Жеме-жемге келгенде, аталған ведомстволардың барлығы жауап беруден бастарын алып қашатын сыңайлы. Ал, бала құқықтары жөніндегі өңірдің өкілетті өкілі, балалар омбудсмені Ирина Киселева.
Балалар омбудсмені прокуротура таратқан бұл мәлімдемеге орай, егжей-тегжейлі анықтау жұмысын жүргізіп жатқанын жеткізді. Ол заңнын орындалысын қадағалайтын орган өкілдері анықтаған фактілердің балалар құқығын қорғауға үлесі зор екенін жоққа шығармайды.
Айтбала Сүлейменқызы Қарағанды облысы

Алдыңғы жазбаАпатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?
Келесі жазба«ӘЛЕМ ТАНЫҒАН ҚАЗАҚ ШАБАНДОЗЫ»