Home Қоғам Қазақстан 46 миллиард теңге қарыз алады

Қазақстан 46 миллиард теңге қарыз алады

127

Сенат пленарлық отырыста Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы 46 миллиард теңге мөлшеріндегі қарыз туралы келісімді ратификациялады.

Бұл қаржы қайда жұмсалмақ?

«Қазақстанның инклюзив экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру» жобасы туралы сөз болып отыр. Оның мақсаты – тұрақты цифрлық инфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарын жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер қатарына:

  • қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті азайту үшін ауылдарды интернетке қосу;
  • өңірлердегі шағын және орта бизнесті, қашықтан қызмет көрсетуді және инвестицияларды қолдау;
  • мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі арқылы телеком-инфрақұрылымды дамыту жатады.

Жоба республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейтіні және теріс әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқпайтыны айтылды.

Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚДБ) – дүниежүзілік банктің негізгі кредиттік мекемесі, БҰҰ мамандандырылған мекемесі, 1944 жылы Халықаралық валюта қорымен бір мезгілде құрылған мемлекетаралық инвестициялық институт.

Алдыңғы жазбаҚазақстанның  қауіпсіздігі  қай  деңгейде?  
Келесі жазбаИран Израиль соғысы: Шығын қанша?