Home Басты жазба «Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады» – Тоқаев Qarmet туралы

«Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады» – Тоқаев Qarmet туралы

117

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» жүлделерінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде Қазақстандағы Qarmet (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») жаңа иесіне қойылатын талап өте қатал болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Жақында менің тапсырмаммен Қарағанды металлургиялық комбинатын қазақстандық компанияның меншігіне беру мәселесі сәтті шешілді. Жұмыстың бастапқы кезеңінде компанияға көмектесу – Үкіметтің ендігі міндеті. Содан кейін кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады.

Кейбір өңірлердегі халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандарда апаттардың жиілеп кетуі бүкіл еліміздегі инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды жаңғырту аса қажет екенін айқын көрсетті. Бұл мәселе ондаған жыл бойы назардан тыс қалып, шешімін таппай келеді.

Мемлекет қысқа мерзімде ревизия жүргізіп, қолданыстағы генерациялаушы қуат көздерін жөндеуде, жаңа нысандарды іске қосуда, жылу және басқа да инженерлік желілерді жаңартуда жүйелі жұмыстарға кірісті. Атап айтқанда, биыл еліміздің батысында электр желілерінің өткізу мүмкіндігін екі еседен астам арттыруға ықпал еткен ауқымды жоба жүзеге асырылды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алдыңғы жазбаАлматылықтарға 27 градус аяз болатыны ескертілді
Келесі жазбаҚазақстанда 1 қаңтардан бастап балаларға төлем аударылады. Қаражатты алу үшін не істеу керек?