Home Жаңалықтар Алматылықтарға 27 градус аяз болатыны ескертілді

Алматылықтарға 27 градус аяз болатыны ескертілді

46

Алматылықтарға 112 ТЖД қызметінен 13-14 желтоқсан аралығында қалада 23-27 градусқа дейін қатты аяз күтілетіні туралы хабарлама келді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына қар жауатыны да ескертілді.

Қазгидромет мамандары Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.

12 желтоқсанда қар жауады, ал түнде қатты қар жауады, тұман түседі. Жел екпіні секундына 2-7 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы 12-13 градус аяз болады.

13 желтоқсанда жауын-шашын жаумайды. Жел екпіні секундына 0-5 метр болады. Түнде қатты аяз күтіледі-23-25 градус, күндіз 18-20 аяз.

14 желтоқсанда да жауын-шашын жаумайды. Түнде ауа температурасы 27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 15-17 аяз болады.

Алдыңғы жазбаЗейнетақы жинағын алу: 2024 жылға арналған жеткілікті шек жарияланды
Келесі жазба«Кәсіпорынның жаңа иесіне қатаң талап қойылады» – Тоқаев Qarmet туралы