Home Қоғам ҰҚК Алматы мен үш облыста арнайы операция жүргізді

ҰҚК Алматы мен үш облыста арнайы операция жүргізді

35

ҰҚК лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдіктілердің ұсталғаны туралы хабарлады.

Биыл тамызда ҰҚК прокуратураның үйлестіруі және полицияның көмегімен Алматы қаласында, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді.

«Деструктивті діни ағымның жақтаушылары болып табылатын Қазақстанның 5 азаматы мен 1 шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деп күдіктеліп отыр», – делінген хабарламада.

Заттай дәлелдемелер табылды және алынған, оның ішінде 3 ұрыс гранатасы бар.

«Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған. Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр».

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды

Алдыңғы жазбаАЭС бойынша референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтеді
Келесі жазбаРеферендум құны: 15,5 миллиард!