Бейбіт Атамқұлов Сыртқы істер министрі болып тағайындалды деп хабарлайды «Ақордаға» сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатылсын», – делінген жарлықта.
Сондай-ақ президенттің жарлығымен бұрынғы СІМ министрі Әбдрахманов Қайрат Құдайбергенұлы қызметінен босатылған.