Home Жаңалықтар Тоғызыншы қабаттан вентиляциялық шахтаға құлаған ер адам аман қалды – Видео –...

Тоғызыншы қабаттан вентиляциялық шахтаға құлаған ер адам аман қалды – Видео – Бір үзік

30

Башқұртстан тұрғыны тоғыз қабатты үйдің шатырынан вентиляциялық шахтаға құлап кетіп, аман қалды. Оны үйінділер арасынан шығару шаралары видеоға түсірілген, – деп хабарлайды «Вести.Ru».

Оқиға 18 қаңтарда Белорецк қаласында болған. Көпқабатты үйдің тұрғыны төбетті сыртқа серуендетуге алып шығуға бара жатқанда, қабырғаның арғы жағынан «құтқарыңыздар» – деген дауыс естіп, құтқару қызметіне қоңырау шалған. ТЖМ қызметкерлері вентиляциялық шахтаның біршама бөлігін бұзып, 29 жастағы жігітті шығарып алған. 

Оның денесінде кейбір жері сырылғаны болмаса, денсаулығына еш зиян келмеген. 

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаҚостанай облысында жол апатынан үш адам қаза тапты – Тосын жай
Келесі жазбаМексикада құбыр желісі жарылды: 20 адам қаза тапты – Жаһан