Home Дарабоз Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетін басқарады

42

WBA, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті болды. Бұл қызметті қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаевтың атқарған болатын.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас ассамблеясының отырысында белгілі болды. Геннадий бұл лауазымға жалғыз үміткер болғанын ескере кеткен жөн.

Ассамблеяда Тимур Құлыбаев өкілетін тоқтатқанын жариялады.

Еске салайық, бұған дейін ҰОК президенттігіне Тимур Құлыбаевтың орнына Геннадий Головкиннің кандидатурасы ұсынылған болатын. Тиісті құжат Tengri Sport редакциясына түскен. Құжаттан 14 ақпанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің Тәуелсіз сайлау комиссиясының отырысы өткені белгілі болды. Шара барысында, атап айтқанда, президенттікке кандидаттарды ұсыну нысандары қаралды.

Ал қысқы спорт түрлері жөніндегі вице-министр қызметіне Асқар Маминнің кандидатурасы да ұсынылды

Алдыңғы жазбаБатыс Қазақстан облысында сүт өнімдерімен қамту өзекті мәселе болып отыр
Келесі жазбаТоқаев Ердоғанды 70 жас мерейтойымен құттықтады