Home Жаңалықтар Қостанай облысында қасқыр ауыл тұрғындарына шабуылдаған – Тосын жай

Қостанай облысында қасқыр ауыл тұрғындарына шабуылдаған – Тосын жай

45

5 наурызда Қостанай облысы Ашутасты ауылында қасқыр тұрғындарға шабуылдаған, – деп хабарлайды Alau.kz өңірлік қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу барысында қасқырдың шабуылынан 2007 жылғы баланың зардап шеккені анықталды. Ол баланың аяғын тістеп алған. Сондай-ақ, ересек адамның да зардап шеккені айтылады.

«Олар медициналық көмекке жүгінді, ем алды. Бала қазір Арқалық өңірлік ауруханасында стационарлық ем алып жатыр, ал ер адам амбулаторлық ем қабылдап жатыр. Жануардан алынған материал зертханаға жіберілді», – деп хабарлады департаменттегілер.

Ведомство мәліметінше, эпизоотологиялық-эпидемиологиялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаАсылжан Мамытбеков қызметінен босатылды – Ел жаңалықтары
Келесі жазбаАлматыда сәбимен келе жатқан әйелді жаяу жүргіншілер жолында көлік қағып кетті – Ел жаңалықтары