Home Дарабоз Елена Рыбакина Уимблдондағы 18-жеңісіне жетіп, ширек финалға өтті

Елена Рыбакина Уимблдондағы 18-жеңісіне жетіп, ширек финалға өтті

106
Елена Рыбакина Уимблдонның төртінші айналымында әлемнің 18-ракеткасы, ресейлік Анна Калинскаяны ұтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік теннисші бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, бес гейм қатарынан жеңіліп, 3:6 есебімен есе жіберді.

Елена екінші сетте 3:0 есебімен алға шыққанда, Анна оң қолының жарақатына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Елена 50 минутқа созылған матч кезінде 7 рет эйс жасап, алты брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдалана білді.

Қарсыластар арасындағы жеке кездесулердегі есеп 3:2 болып, Рыбакина алға шықты.

Үшінші «Үлкен дулыға» турнирінің ширек финалында Елена Рыбакина украиналық Элина Свитолина мен қытайлық Ван Синьюйдің қай жеңгенімен кездеседі.

Алдыңғы жазбаТоқаев ойын бизнесі мен лотерея қызметі туралы заңға қол қойды
Келесі жазбаҚазақтың Мбаппе,  Ямалдары  қайда  жүр?