Қазақстанда ресми түрде жаңа кәсіби мерекелер пайда болды. Тиісті бұйрықты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жариялады.
Құжатқа сәйкес, кәсіби мерекелер тізбесі толығады:
- Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкер күні – 7 сәуір;
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері күні – 16 сәуір;
- Метрология қызметкері күні – 20 мамыр;
- Ветеринарлар күні – 10 шілде;
- Аңшылық шаруашылығы қызметкерінің күні – қыркүйектің бірінші сенбісі;
- Қазақстан Республикасы Жоғары білім қызметкерінің күні – 1 қазан;
- Стандарттау қызметкері күні – 14 қазан;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні – 18 қараша.
Еске салайық, бұған дейін тізім әртүрлі сала қызметкерлеріне арналған 55 мерекеден тұратын. Кәсіби мерекелердің толық тізімін мына жерден таба аласыз.