Home Қоғам                      Достық пен ынтымақ мерекесі

                     Достық пен ынтымақ мерекесі

108

 Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен татулық – еліміздің тұрақты дамуының негізі» атты салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту, Қазақстанның тұрақты дамуы мен бейбітшілігінің маңыздылығын дәріптеу.

Бұл мерекелік жиынға Физика-техникалық факультетінің студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Шет тілі кафедрасының оқытушылары белсене араласты. Мерекелік салтанаттың  ұйымшылдықпен өтуіне факультетің деканы Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы, деканның ғылыми-инновациялық жұмысы жөніндегі орынбасары Пешая Светлана Леонидовна, аға куратор Зульбухарова Эльмира Мұқанқызы зор ықпал етті.

Салтанатты жиында грек ұлтының өкілі Пешая Светлана Леонидовна бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау жолындағы маңызын атап кетті. Қазақстандағы этностардың түрлі мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, елдегі татулық пен достықты нығайту мәселері де сөз болды. Іс-шарада студенттердің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Онда Қазақ халқының ұлттық билері мен әндері шырқалып, музыкалық қойылымдар қойылды. Бұл қойылымдар арқылы студенттер өздерінің ұлттық мәдениеттерін паш етіп, елдегі ұлтаралық ынтымақтың маңызын көрсетті.

Физика-техникалық факультетінде өткен бұл іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы ел бірлігін сақтау мен этнос аралық татулықты нығайтудағы ролін айқындай түсті. Осындай бастамалар жастар арасында өзара түсіністік пен құрметті қалыптастыруға ықпал етіп, еліміздің бейбіт әрі тұрақты дамуына жол ашуда.

Эльмира Зульбухарова, Шолпан Ғұмарова,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық    университетінің   аға оқытушылары.

Алдыңғы жазбаҚазақ мектептеріндегі қазақ тіліне бір жылға 1 048 сағат бөлінген
Келесі жазбаЖастар бейбітшілікті қолдайды: ҚазҰУ студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына қатысты