Home Жаңалықтар Жастар бейбітшілікті қолдайды: ҚазҰУ студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына қатысты

Жастар бейбітшілікті қолдайды: ҚазҰУ студенттері Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына қатысты

96

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Алматыда түрлі этнос өкілдерінің, ұстаздар мен студенттердің басын қосқан халықаралық шара өтті. Мерекелік шараға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктің жоғары деңгейін  көрсетті. Шараның басты тақырыбы – бірлік, келісім және ұлтаралық татулықты нығайтудағы және Қазақстанның тұрақты дамуындағы жастардың рөлі.

Осы орайда Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім – еліміздің тұрақты дамуының негізі» атты тақырыпта іс-шара өтті. Шараны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасы «Мұрас» қырғыз этномәдени бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырды. Шараның мақсаты – жастар арасындағы бірлік пен келісімді нығайту, патриоттық тәрбиені дамыту және олардың азаматтық белсенділігін арттыру болды. Салтанатты жиынның модераторын филология факультетінің Шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Г.А. Гаипова атқарды. Достық үйінің басшысы Н.А.Алтекова, «Вайнах» шешен-ингуш халықтарының мәдениетін дамыту қоғамының» тең төрағасы А.С.Мурадов, «Қырғыз Республикасы» Қырғыз тілі этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Р.Р.Құрбанов, сонымен қатар этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Г.С.Ақылова атаулы ұйымның мерекесімен құттықтап сөз сөйледі. Баяндамашылар Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздегі ұлтаралық келісім мен ынтымақ, ауызбірлікті нығайтуда шешуші рөл атқаратын бірегей институт ретінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Спикерлер Ассамблеяның құрылуы туралы жеке естеліктерімен бөлісіп, оның елімізде қоғамның дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтті. Ресми бөлімнің соңында «Мұрас» қырғыз этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары М.Н.Ташыбеков Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған халықаралық іс-шараны бірлесіп ұйымдастыруға белсене атсалысып, сондай-ақ жастарға патриоттық тәрбие беру және патриоттық тәрбиені дамытуға қосқан үлестері үшін шараға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті. Ресми бөлімнен кейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концерттік бағдарламада жоғары деңгейде орындалған қырғыз, өзбек, түрік, түрікмен, неміс және қазақ халықтарының билері, әндері және музыкалық шығармалары Қазақстан мәдениетінің байлығы мен алуан түрлілігін тағы бір паш етті. Физика-техникалық факультетінің студенттері өз бағдарламаларын абыроймен ұсынып, әрбір ұлттың ән-биін орындағанда оған ерекше жауапкершілікпен қарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ш.Б. Ғұмарова, Б.Қ.Исабаева, Л.Е.Құдайбергенова, М.Т.Мырзахмет, А.С.Режеп және физика-техникалық факультетінің аға кураторы Е.М.Зулбухарова сияқты аға оқытушыларының басқаруымен студенттер қызықты мәдени бағдарлама ұсынды. Концерттік бағдарламаны Нұрай Ізбасқанова мен Еркебұлан Бағыбаев ашып, қонақтар мен іс-шараға қатысушыларды Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтады. Гүлназ Мұртазаева «Жүректерді ән тербеп» өлеңін оқып, Сыпыра жыраудың термелерін домбырамен орындады. Әлімбек Айшуақ пен Қарқын Ернар Құрманғазының «Балбырауын», Әсем Тілеубердина «Туған жер» әнін орындады. Омарбек Алуа, Ершат Ажар, Сағидолла Ақжан және Дильназ Ержанова «Қыз қуу» биімен көрермендерді қуантты. Іс-шара мерекелік, жылы және достық жағдайда өтті. Студенттер алған әсерлерімен қуана бөлісіп жатты. Концерттік бағдарламаны жүргізуші Нұрай Ізбасқанова  өз ойын былай жеткізді: «Бұл іс-шараға қатыса отырып, жақсы әсер алдым. Басқа ұлттардың биін, өнерін, әнін, салт-дәстүрін, ұлттық киімін көріп, олең оқығандарына тамсанып қалдым. Қонақтардан көп білім мен тәрбие алдым». Ал, Еркебұлан Бағыбаев: «Кеше мен университетімнің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысып, қазақ мәдениетін таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Бұл мен үшін ерекше және әсерлі тәжірибе болды. Бұл көрініс мені шабыттандырды, өз мәдениетіммен тереңірек байланыс орнатуға көмектесті және болашақта мәдени байланыстарды дамытуды жалғастыруыма ынталандырды. Қонақтармен араласып, сөйлесіп, көп тәрбие алдым». Еркебұлан Бағыбаев курстасын қостап: «Кеше мен өз университетімнің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысып, қазақ мәдениетін таныстыру мүмкіндігіне ие болдым. Бұл мен үшін ерекше және әсерлі тәжірибе. Іс-шара мені шабыттандырды, өз мәдениетіммен тереңірек байланыс орнатуға көмектесті. Болашақта мәдени байланысты дамытуды жалғастыруға ынталандырды». Курстастарының ізгі ойларын, алған әсерлерін растай отырып, Әсем Тлеубердина өз ойын былай деп білдірді: «Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы мерекеге орай Достық үйінде Ассамблея мерейтойына арналған іс-шара өтті.  Біз Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері осынау мерейтойда ұлттар  арасындағы достастықты паш етіп, бар өнерімізді ортаға салдық. Бұл салтанат студенттер үшін үлкен мүмкіндіктер мекеніне айналды. Себебі, басқосу аясында, студенттер ұлттар достастығы туралы көп мәлімет алып, оның нақты куәгері де боды». Мұндай іс-шараларда жастардың да үлесі, алар орны бар. Өйткені олар Қазақстанның болашағын құратын бүгінгі жас ұрпақ, ертеңгі ел тізгінін ұстайтын білікті мамандар.

Б. Исабаева,  Ш. Ғұмарова,

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Шет ел тілдері кафедрасының аға оқытушылары

Алдыңғы жазба                     Достық пен ынтымақ мерекесі
Келесі жазбаӘнім сен едің…