Home Әлем Бұл жолы соғыс ашқан арабтар Газа секторынан түгел айырылуы мүмкін

Бұл жолы соғыс ашқан арабтар Газа секторынан түгел айырылуы мүмкін

36

Израильге 56 жыл бұрын бірден алты мемлекет қарсы соғысқанмен, алты күнде мұсылмандар яһудилерден тас-талқан болып жеңілген.

Израиль жағынан небәрі мыңға жетпес адам өлсе, араб елдерінен 17 мыңға жуық әскер қырылып қалыпты.

Таяу Шығыстағы сол соғыста 15 израильдік тұтқынға түссе, еврейлер 20 мыңдай арабты тірідей ұстап алған екен. Израильге қарсы соғыс ашқан Ирак, Мысыр, Иордания сынды өзге де араб елдерінің  барлығы соғыста жерлерінен айырылып қала берген.

Кезінде КСРОға арқа сүйесе де жеңіліп қалған арабтарда енді жақсы қару да, күшті әскер де жоқ. Ал яһудилер бұл жағынан тіпті күшейді, тірегі — держава Америка тұр.

Мұсылман елдерінің ішінде қаруы мықты Түркия мен Иран ғана. Басқаларының барлығында, Қазақстанды қоса алғанда озық қару да, күшті әскер де жоқ.

Бұл жолы да соғыс ашқан арабтар Газа секторынан түгел айырылуы мүмкін. Біздегі бір ауданның территориясына да жетпейтін жер екен. Ескі жаулардың бір-біріне деген жаңа дауы, өшпенділігінен тек қарапайым адамдар, әйелдер, балалар қырылып жатыр.

Бұл соғыс та алты күннен аспайды, және тағы да мұсылмандардың жеңілісімен аяқталады.

Алдыңғы жазбаЗаңсыз алынған активтер: Қазақстанға 850 млрд теңгеден астам қаржы қайтарылды
Келесі жазбаБаиыс Қазақстан: үш аудан әкімі лауазымына 9 үміткер тіркелді