Home Жаңалықтар «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету»

«Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету»

93

«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» деген екен  халқымыз. Қай заманда болсын жан-жағыңа көмек қолын ұсыну біздің халқымыз үшін маңызды істердің бірі саналған.

Тамыз айы басталғаннан бастап-ақ, ата-аналар жаңа оқу жылына дайындық қамына кіріседі. Оқушының мектеп формасы, оқу құралдары, спорт киімі, сөмке, аяқ киім сияқты қажетті жабдықтары –  әр отбасы үшін кезек күттірмейтін науқан. Отбасылық жағдайларға байланысты мектепке дайындай алмай қиналатын жағдайлар да жиі кездеседі. Осындай келеңсіздіктің алдын алу мақсатында елімізде «Мектепке жол» акциясы жұмыс істейді.

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы елімізде дәстүрлі  түрде қолға алынып келеді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Ағымдағы жылы дәстүрлі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында Түркісіб ауданына қарасты С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін мектепте   «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету»  бағытында көмек қолын созу жұмыстары жүргізілуде.

Акцияның мақсаты –  аз қамтылған, көп балалы отбасыларынан шыққан және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, қолдау көрсету.

Қоғам алдындағы жауапкершілікті жүрегімен сезіне білетін әрбір адам қайырымдылық шарасынан шет қалмайтыны белгілі.

Баланы жаңа оқу жылы барысында мектепке  дайындау аз қамтылған, көп балалы отбасылары үшін оңай еместігі анық.  Мектеп басшысы Р.А.Батырбекованың ұйымдастыруымен мектеп оқушыларының сабаққа дайындығын қамтамасыз ету әркезде де басты назарда. Балалардың мектепке баруына  үнемі қолдау көрсетіп отыратын ата-аналар, мұғалімдер мен мектеп түлектеріне алғысымыз шексіз.

Осы шара барысында мектебіміздің ата -аналары Шамахунов Г.Х. (3 «В») , Шанова З., Николенко О.,Абдрахманова А. (9 «Б»), Абдраимова А.Б. (9 «Г») , Усманова З., Турдиева Ш., Тохниязова Л. (10 «Б») , Валяева Л.В. ( 6 «Б»)   демеушілік танытып, оқушыларға  материалдық көмек көрсетті. Оқушыларды мектеп формасымен,спорттық киім және аяқ киіммен қамтамасыз етті.

Сонымен қатар мектеп мұғалімдері Сейтқұл Б.Ә., Зәкариянова С.З., Садықова Ж.М., Бердібек Ә.А., Алашбаева А.У., Ботаев С.А.  оқушыларға оқуға қажетті  құрал-жабықтар, аяқ киім, сөмке сыйға тартты.

Жаңа оқу жылының қарсаңындағы игі бастамаға мектеп түлектері де өз үлестерін қосуда. 2016 -2017 жылғы мектеп  түлектері А.Балабек, А.Нарымбеков те осы шараға өз үлестерін қосса, Д.Тоқтардың ұйымдастырумен мектеп оқушыларына 160 мың теңге көлемінде  қаржылай көмек берілді.

Әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасы балаларына қолдау жасау – игі іс. Әр баланың мектепке барар жолы қуанышты болуы үшін оған ілтипат пен шынайы қамқорлық көрсету маңызды. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Игі бастаны қолдау – азаматтық іс!

Жоғалбаева Жансая,

С.Сейфуллин атындағы  №74 ЖББМ

 директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Алдыңғы жазба“Бастамашысы кім болғанын түсіну керек“. Перуашев орынбасарының ұсталғанын растады
Келесі жазбаАлматыда алаяқтардың халықаралық желісі әшкере болды: 52 адам ұсталған