Home Жаңалықтар Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның мерейтойлық концертіне қатысады

Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның мерейтойлық концертіне қатысады

37

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алла Пугачеваның құрметіне арналған Мәскеудегі шығармашылық кешке қатысады. Бұл туралы Tengrinews.kz. сайты жазды.

«Алла Борисовнаның шығармашылық кешінде кездескенше!», – деп жазды Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы жеке парақшасына.

Алла Пугачеваның мерейтойына арналған «Подарок для Аллы» концерт-съемкасы 8 сәуірде Мәскеудегі Крокус Ситиде өтеді.

Сонымен қатар, концертте Григорий Лепс, Сергей Шнуров, Лобода и Валерий Леонтьев және т.б. өнер көрсетеді. Концертті Алла Пугачеваның жұбайы Максим Галкин жүргізеді.

Концерт 15 сәуірде туылған Алла Борисовнаның 70-ке толуына арналған. Оның репертуарында 500-ге жуық әндер бар.

Еске сала кетейік, Димаш тың Кремлдегі концерті аншлагпен өтті. Әртүрлі БАҚ мәліметтері бойынша, Димаштың концертіне Мәскеуге әлемнің 50-ден астам елінен жанкүйерлері келген. Көрермендердің арасында Ресей премьер-министрінің жұбайы Светлана Медведева, Ресейдегі Қазақстан елшісі Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары болған.

BAQ.KZ.

Алдыңғы жазбаТрампқа Конгресстің күші жетпеді
Келесі жазбаУАШИНГТОННЫҢ АТЫ АҚШ АСТАНАСЫНА 72 ЖЫЛДАН КЕЙІН БЕРІЛГЕН