1789 жылы ақпанда Джордж Уошингтон АҚШ-тың тұңғыш президенті болып сайланады. 1792 жылғы сайлау алды науқанға қатыспағанымен халықтың ұсынысымен екінші рет президенттік сайлауда 100 % жеңіске жетеді. Уошингтон үшінші рет сайлауға түсуден бас тартады және әрбір президентінің екі реттен артық сайланбауы керектігі туралы өз ойын білдіреді. Бұл дәстүр Франклин Рузвельттің төрт рет сайлануын есептемегенде әлі күнге дейін бұзылған емес. Екі реттен артық сайланбау нормасын 1950 жылдары АҚШ Конгресі заң жүзінде бекітті.
Уошингтон 1799 жылы өмірден өтеді. Олар өмірден озғаннан кейін арада 72 жыл өткен соң «Джорджия» деп аталған қала Уошингтон қаласы болып АҚШ-тың астанасы атанды.