Home Қоғам Алматыдағы жер сілкінісі: ескерту жүйесі неге қосылмады?

Алматыдағы жер сілкінісі: ескерту жүйесі неге қосылмады?

28

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезінде халықты ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін түсіндірді.

«Ескерту жүйесі жер сілкінісі күші 5,5 балл немесе одан жоғары болған кезде автоматты түрде іске қосылады», – деп хабарлады ТЖД.

Еске салайық, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді. ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 5 қараша Астана уақыты бойынша 10.00-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Алдыңғы жазбаАлматыда жер сілкінді
Келесі жазбаТоқаев Францияда