Home Жаңалықтар Иманғали Тасмағамбетов Сочидегі «Жаңа толқын» байқауында не деді?

Иманғали Тасмағамбетов Сочидегі «Жаңа толқын» байқауында не деді?

48

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Игорь Крутойдың «Жаңа толқындағы» шығармашылық кешінде құрметті қонағы болды, – деп хабарлайды РИА Новости.

«Жаңа толқын» байқауындағы шығармашылық кеш композитор Игорь Крутойдың 65 жас мерейтойына арналған. Иманғали Тасмағамбетов сахнаға шығып, орден табыстады.  «Ресей Федерациясының халық әртісі, композитор Игорь Крутойдың жан-жақты жұмысы Қазақстанда жоғары деңгейде бағаланады. Сондықтан, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Игорь Крутой республиканың ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Достық» орденімен марапатталады», – деді Тасмағамбетов өз сөзінде. «Менің бұл марапатқа қатысым жоқ. Қазір менің әнімді орындайтын топ шығады. Мен бұл марапатқа атақты «Крутые» тобы лайықты деп есептеймін», – деді Игорь Крутой.
Kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаНығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды
Келесі жазбаМұрат Әуезов: Тіл мен дін – діл дербестігі