Home Қоғам Дикий Арман қаңтар оқиғасы үшін сотталды

Дикий Арман қаңтар оқиғасы үшін сотталды

22

Сот Арман Жұмагелдиевке («Дикий Арман» деген атпен танымал) 2022 жылғы қаңтар оқиғалары бойынша үкім шығарды.

Барлық сот отырыстары мен үкім шығару жабық режимде, баспасөз өкілдерін қатыстырмай өткізілді.

Үкім шығару 27 қаңтарда сағат 10:00-ге белгіленген. БАҚ өкілдеріне сот залына онлайн режимде бақылау жасауға рұқсат берілді.

Сот Жұмагелдиевті 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркадағы қару-жарақ, сондай-ақ оқ-дәрілер, жүзді қарулар мен броньды көлік тәркіленді. Осы уақыт бойы Дикий Арман қамауда болды.

Алдыңғы жазбаТобыр білгенін жасағанда, тұлғалар тұғырдан таяды
Келесі жазба«.. Аяғымызды тартып басатын  кез  келді!»