Home Жаңалықтар Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты

66

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Сонымен қатар ведомство басшысы мұғалімдердің 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын да айтқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Күләш Шәмшидинованың айтуынша, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады.

Осылайша, жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.

Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.

Алдыңғы жазбаТрамп конгресс қабылдаған заң жобасына вето қойды
Келесі жазбаДанияр Елеуcінов әлемдік рейтингте шарықтады – Бокс