Home Жаңалықтар Назарбаев Джеки Чанмен кездесті

Назарбаев Джеки Чанмен кездесті

56

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев танымал қытайлық актер Джеки Чанмен кездесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Сондай-ақ, кездесуде Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен ҚР Тұңғыш Президенті Қорының атқарушы директоры – Әсет Исекешев болды.

Джеки Чан Қазақстанға 2017 жылдың жазында келген. Нұр-Сұлтан әуежайда аты аңызға айналған актерді сол кездегі астана әкімі Әсет Исекешев қарсы алған. 63 жастағы актер Қытай киносы фестивалінің ашылуына қатысып, баспасөз конференциясын өткізіп, «Қазақстан» арнасында «Түнгі студия» бағдарламасына түсіп үлгерген.

kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазбаЕркін күрестен Азия біріншілігінде Қазақстан құрамасы екі алтын алды
Келесі жазбаЖаңа «Кек алушылар» әлем бойынша рекорд орнатты