Home Жаңалықтар БҚО әкімі өңірдегі су басқан жерлердегі жұмыспен танысты

БҚО әкімі өңірдегі су басқан жерлердегі жұмыспен танысты

94

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орал қаласындағы Зашаған кентіндегі су басу қаупі бар шағын аудандарға, Саратов тас жолындағы су арнасы жүйесіне, сондай-ақ, Орал қаласының ескі орталық көшелерінде болды.

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментіне, қала әкімдігіне және коммуналдық қызмет саласының мамандарына – қар, жаңбыр суларын уақытылы шығару, жолдарды бөгеу, қапшықтармен құм төсеу, су арналары мен құбырларды тазалауды тапсырды.

Нариман Төреғалиев
Фото: БҚО әкімдігі

Айта кетейік, бүгін 2024 жылғы 26 наурыз күні облыс аумағында және Орал қаласында жауын-шашын тоқтаусыз жауып тұр. Осыған байланысты, жаңбыр және еріген қар суы жердің жібімеуіне, яғни тоңның қалың болуына байланысты, жерге сіңбей тұрғын үйлерді су басу қаупі туып тұр.

көшені су басты
Фото: БҚО әкімдігі

Қазіргі уақытта су тасқынының алдын алу бойынша арнайы облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істейді. Өңір басшысы Нариман Төреғалиев шаһардағы су басқан қауіпті аумақтарды өз көзімен көріп, тиісті жұмыстарды күшейтілген режимде атқаруды тапсырды. Өз сөзінде облыс әкімі аталған жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Алдыңғы жазбаЕлес қуған келіншек
Келесі жазба«Мемлекет мүддесі бәрінен жоғары тұруы тиіс»