Құрметті ағайын, қадірлі достар! Осыдан біраз күн бұрын 30 маусым күні бейбіт митинг өткізу жөнінде рұқсат сұрап Нұр-Сұлтан қаласының әкіміне өтініш жазған едім. Әзірге әкімшілік тым-тырыс. Дегенмен рұқсат беретін шығар деген үмітіміз жоқ емес. Осы мәселе жөнінде әлеуметтік желілерде жазған едім. Жазбаларымның соңына бірі қолдап, бірі даттап пікір жазып жатқандар көп. «Рұқсат беруі тиіс. Бұл ешқандай заңға қайшы емес» дейтіндер баршылық. Иә, біз бүйректен сирақ шығарайық деп жатқанымыз жоқ. Бейбіт шеруге шығып, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткзу. Бәр жоғы осы. Қысқасы билік пен халық арасында диалог орнату. Сондықтан биліктің митингден қорқуы дұрыс емес. Тоқаевтың өзі «қоғамда қордаланып қалған проблемалар диалог рақылы шешімін табуы тиіс» деген жақында. Ал бейбіт түрде өтетін митинг соның бір баспалдағы. Егерде әкімшілік рұқсат беріп жатса, менің жазбаларымның соңына өз ұсыныс- пікрлерін қалдырған азаматтардың арыз-талаптары сол митингде айтылады. Мұны ескереміз. Және ұсыныс-арыздардың орындалуын бақылауда ұстауға кепілдік береміз. Сонынмен қатар митингге рұқсат бере қалған жағдайда оны ұйымдастыру комитеті құрылады. Оған мемлекетшіл қоғам қайраткерлері кірері хақ. Бір сөзбен айтқанда, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруға тиіспіз. Жұмылған жұдырықтай болсақ, жеңбейтін жау, аспайтын асу болмайды. «Бастыны идіріп, тізеліні бүктіретін» боламыз. Тек ортаға от тастап, арадатушылыққа жол беруге болмайды. Ондай жағдайда, билік күшпен басады. Алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Митинг жасау, шеру ұйымдастыру әлемде бар тәжірибе. Басқа елді былай қойғанда, түбі бір қандастарымыз Түркияда апта сайын түрлі митинг-шерулер болып жатады. Сол арқылы халық өз талаптарын билікке жеткізеді. Өз кезегінде билік ырымаға келе отырып, арыз –талаптырды орындауға тырысады. Бізде осыған келуіміз керек. Митингден қорқатын ештеңе жоқ. Қайта шерулер көп болса, билік өздері жіберіп отырған қателіктерді түсінеді, жөндеуге тырысады. Бар жоғы осы.
Азаматхан ӘМІРТАЙ «Байтақ-Болашақ «экологиялық альянсының төрағасы