Home Жаңалықтар «Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

«Композитор» фильмі Шанхай кинофестивалінде 2 жүлдеге ие болды

94

ХХІІ Шанхай халықаралық кинофестивалінде«Композитор» көркем фильмі 2 марапатқа лайықдеп танылды, деп хабарлады «Қазақфильмнің» баспасөз қызметі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігініңтапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы«Қазақфильм» киностудиясы мен қытайлық «Shinework Pictures» компаниясытүсірген алғашқы қазақ-қытай бірлескен жобасыосы жылдың басында Пекин халықаралықкинофестиваліне қатысқан болатын. Картина режиссерлары: Қазақстан тарапынанСәбитҚұрманбеков, Қытай атынанШерзат Якуб

Композитор Бақытжан Байқадамовтың жиенініңрөлін сомдаған жас қазақстандық актриса ДілнәзНұрсейіт «Үздік жаңа есім» аталымындақытайлық CCTV-6 телеарнасының жүлдесіне иеболды. Сонымен қатар, «Композитор» фильмініңпродюсерлік тобы да ұйымдастыру комитетініңқұрметті сыйлығын алды. Қытайлық бас продюсер Джонатан Шенде марапатқа ие болды.

Фильм Кеңес Одағы кезіндегі қытайлықкомпозитор Сянь Синхайдың өмірі мен шығармашылығы, Алматыға эвакуацияланғаншағы туралы баяндайды. Сонымен бірге, қазақкомпозиторы Бақытжан Байқадамовпен достығынкөрсетеді.

2017 жылдың 8 маусымында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиньнің Қазақстанға жасаған сапарыаясында қол қойылған бірлесіпкиноөндірісті  жүргізу туралы мемлекетаралықкелісім негізінде аталған киножоба іске асқанболатын

Картинаның түсірілімдері 2017 жылы өтіп, фильмнің біраз бөлігі Қазақстандатүсірілген. «Композитор» фильмі 2019 жылдың 17 мамырынан бастап Қытайда, ал 6 маусымнанбастап Қазақстанда прокатқа жіберілді.

Алдыңғы жазба«Бастыны идіріп, тізеліні бүктіретін» боламыз
Келесі жазбаМамин: Арысты қысқа мерзімде қалпына келтіреміз