Украина президенті Владимир Зеленский 11 маусымда 15 облыстың басшысын қызметіненбосатты. Бұл туралы Украина президентіәкімшілігі жетекшісінің орынбасары РусланРябошапка хабарлады.
«Бүгін министрлер кабинетінен облысжетекшілерін қызметінен босату туралықұжаттың алғашқысы келді. Онда Чернигов, Хмельницкий, Херсон, Тернополь, Сумы, Полтава, Одесса, Николаев, Львов, Кировоград, Киев, Ивано–Франковск, Запорожье, Закарпатьежәне Волынь облыстары жетекшілерініңқызметтен босатылғаны айтылған» деді Руслан Рябошапка.
Бұған қоса Зеленский Украина қауіпсіздікқызметінің (СБУ) Одесса, Львов, Винница, Закарпатье және Чернигов облыстарындағыбасқармалары жетекшілерін де қызметіненбосатқан. Рябошапканың айтуынша, олар«контрабандаға қатысы бар» деген күдіккеіліккен.
Осы күні Зеленский Украина парламентіне елдіңішкі және сыртқы істер министрлері мен баспрокурорын қызметінен босату туралы құжатжіберген.
Украина сыртқы істер министрлігін (СІМ) қазірПавел Климкин басқарады. Зеленский бұғандейін де оны қызметінен алып тастауға әрекететкен, бірақ парламент құптамаған еді. Зеленский Климкиннің орнына оның біріншіорынбасары әрі Украинаның НАТО–дағымиссиясының жетекшісі Вадим Пристайконықойғысы келеді.
Ал бас прокурорды қызметінен алу туралыпрезиденттің ұсынысын Рябошапка «прокуратуразаңы бойынша бас прокурордың заң мен құқықсаласында білімі мен жеткілікті тәжірибесі болуыкерек» деп түсіндірді.