Астана әкімі Бақыт Сұлтанов елорда халқының саны 3 миллионға қашан жететінін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Астана – миллион тұрғыны бар қала, демографиялық әлеуеті зор. 2030 жылы халық саны 2 миллионға жетеді, ал 2050 жылы – үш миллионнан асады», – деді Бақыт Сұлтанов әкімдік жиналысында.
Ол БҰҰ болжамы бойынша 2050 жылы халықтың 70 пайызы қалада тұратыны туралы айтты. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш – 54 пацйызға жеткен.
Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz