Home Жаңалықтар Алдағы күндері ауа райы қандай болады? – Ел жаңалықтары

Алдағы күндері ауа райы қандай болады? – Ел жаңалықтары

44

Синоптиктер 2018 жылдың 10-12 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

«Орталық Азия аумағынан жылжитын циклонмен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман, ал шығыста қар, бұрқасын және қатты екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы алдағы тәуліктерде жоғарылайды, бірақ 11 қаңтарда төмендей бастайды, әсіресе Қазақстанның шығыс аймақтарында», – делінген хабарламада. 

Мұнда түнде аяз тағы да 30-37 градусқа дейін күшейеді. Республиканың солтүстік және орталық облыстары жоғары атмосфералық қысымның алқабында болатындықтан, кей жерлерде аздаған қар күтіліп, түнде аяз 28-35 градусқа дейін жетеді. Батыс облыстарында қысқа мерзімді суытудан кейін температураның жоғарылауы, қар және көктайғақ күтіледі.

Дереккөз: https://kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Шүкір» мен «тәубеге» қарсы емеспіз, бірақ оның да шегі бар ғой
Келесі жазбаАстана әкімі елорда халқының саны 3 миллионға қашан жететінін айтты – Ел жаңалықтары