Home Жаңалықтар «Қыздар, өздеріңді ұстаңдар»: Сочиде ән салған Димаш қошемет пен гүлдің астында қалды

«Қыздар, өздеріңді ұстаңдар»: Сочиде ән салған Димаш қошемет пен гүлдің астында қалды

47

Әлемге аты әйгілі болған қазақтың жарық жұлдызы Димаш Құдайберген жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Новая волна» байқауын ашып, кезекті мәрте көрерменнің ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сочидегі ән байқауының ашылуына қатысқан Димашты орындалған туындының авторы Игорь Крутой сүйемелдеді.

Сонымен бірге, отандасымыз оркестр және хормен бірге өнер көрсетті.

Бұған дейін де ресейліктерді таңдай қақтырып жүрген Димаштың құшағы осы жолы тағы да гүлге толып, шапалақтың астында қалды.

Кеш жүргізушісі де қазақ әншісінің мақтауын асырып, жанкүйерлерін «сабырға» шақырды.

«Міне, Ресейдің, Қытайдың және бүкіл әлемнің жаңа секссимволы. Қыздар, өздеріңді ұстаңдар, ол қайтып келеді», – деді «Новая волна» тізгінін ұстаған жігіт.

Алдыңғы жазбаБҚО-да алапат өрт: 100 бас мал мен қыруар тонна шөп күлге айналды
Келесі жазбаИзраиль Сириядағы ирандық нысандарға шабуыл жасады