Home Жаңалықтар Аңыз бен ақиқат

Аңыз бен ақиқат

42

Жеті  қат көктен  жеткен  жұмбақ  дабылдар…


Саналы  тіршілік  иесі  жаралғалы  бері, жеті  қат  көк  аспан, жеті  қат  қара  жердің  астында  «тіршілік  бар  ма?»  деген оймен  келеді? Бірақ  нақты дәлел  келтірген  ешкім  жоқ.  Тек  бір  ыңғай  болжам,   қисын  айту  ғана  бар.  Расын да, әлі  адамзатқа  толықтай  сырын аша  қоймаған  он  сегіз    мың ғаламның   біз  үшін   жұмбағы  көп-ау. Бірақ  қалай  айтсақ  та,  адам  баласы   жеті  қат  көктің  ар  жағына  «тіршілік  бар  ма?»  деген  сауалға үнемі  жауап  іздеуін  тоқтатар емес.  Алайда нақты  «бар»  деген  дәлел-дәйекті  ешкім  айта  алмауда. Дегенмен ғарышты  зерттеп  жүрген  ғалымдардың  жазбаларына  қарап  отырып, «мүмкін  бар-ау»  деген  екі-ұштылау   жауап айтуға  болатын  сияқты. Себебі    кейбір  келтірілген  деректердің бір  ұшы  соған  жетелейтіндей… Өйткені   жеті  қат  көкті  тесіп  өтіп  жерге  келіп  жатқан  белгісіз  белгілер  соның  бір  шешіміндей. Мәселен…

 Ең  алғашқы  ғарыштан  келген  белгі  1889 жылы  теркелген. Өзінің жеке  зертханасында   жұмыс істеп отырған  американдық Никола   Тесла білгісіз,  жұмбақ дабылдарды   қабылдаған. Бірақ  оны  шешудің  сәті  түспеді. Өйткені  онда  ондай  мүмкіндіктер жоқ еді. «Бұл  көктегі тіршілік  иелерінің   маған  жіберген   белгілері болар-ау»  деп қоя  салған. 1921  жылы  ғарыштан  жеткен    кезекті белгіні Гильельмо Маркони қабылдады. 1924 жылы   дәл  осындай  белгіні  доктор Дэвид Тодо  тіркеді. Бірақ  жұмбақ белгілердің  сырын  ашуға  ешкімнің  деңгейі  жетпеді.  Жалпы  одан  кейін  ғарыштан  жер бетіне  1927, 1928  және 1964  жылдары  жұмбақ дабылдар   келген. Бірақ   ол дабылдарды  оқып, танысуға  ғылымның  құдіреті  жете   алмады. 1928 жылы  баспасөз  көктен  радио белгілер  жерге  келіп, кері қайтқаны жайында  аңызға бергісіз мәліметтер  жариялады. Тіпті  кейбірі «адамзат өзге  галактикадағы  саналы  тіршілік  иелерімен қатынасқа түсті. Екі  өркениет  иелері жыныстық  қарым-қатынаста  болып, будандастырылған,  аса  қабілетті  нәрестелер  дүниеге  келуде»  деп  те    асыра  сілтеп  жазып  жіберді.  Бірақ сол  жылы  ғарыштан  жұмбақ  радио  дабылдар  келгені  рас-ты. Ағылшын  астрономы Д. Льюнэн  ғарыштан  келген белгілерді бір  бағытқа, ал  олардың жаңғырықтарын  екінші  бағытқа  топтастырып  шықты. Сосын  өзі,  таң  қалмасқа  шарасы  қалмады.  Өйткені оның  алдында солтүстік  жарты  шардағы  жұлдыздардың  орналасу  картасы жатқан  болатын.   Әлгі дыбыс  белгілер соны  меңзеп  тұр. Бұл не  сонда?  Ол ғарыштық  дыбысты таратушы белгісіз  өркениеттің  планета аралық  кемесі  деген  болжам жасады.  Сондай-ақ  астроном «біз сияқты  ақылды  тіршілік  иелері өзге  галактикада  өмір сүреді. Жермен  олар   өмір  сүретін Эпсилон  жұлдызының  ара  қашықты 104 жарық  жылдамдығы  жылымен    есептеледі екен.   Оларда  бір  емес,  екі  күн бар  көрінеді»  деді  өзінің жазбаларында. Кім  білсін? Болжамның  бәрі  шындық емес  қой. 1959  жылы НАСА  мамандары  ғарыштан  келген  белгісіз дабылдарды  тіркеді.  Сол  жылдан  бастап  ғарыштан  келетін  белгілерді тіркеу,  тыңдау,  сәті  түссе белгілерді  оқу   орталықтары   жұмыс  істей  бастады. 1961 жылы Дрейк  бастаған  топ  Күнге жақын  тұрған Тау  Сити жұлдыздар  тобын  зертеуді  қолға  алды.   Апарттың   қосылғаны  сол еді,   санаулы  минуттардан  кейін өте  жойқын  белгілерді тіркей  бастады. Мамандардың  бәрі таң  қалды. Өйткені   тіркелген  белгілер ешқандай  жердегі қондырғылар  бере алатын  белгіге  ұқсамаған. Өзгеше. Бәріде белгісіз  өркениет  иелерімен  ақпарат  алмасып жатырмыз деп  мәз  болысты.  Бірақ дабылдар  кенет   басталып,  шорт  үзіліп  қалды. Қайтып  қайталанбады. Оқиға  АҚШ  билігіне  хабарланды. Жедел  жеткен Пентагон  өкілдері «бұл ешқандай  ғарыштан  келген  емес, өте  құпия  әскери  дабылдар»  деп жағдайды  құпия  ұстауға  шақырды…                                          тағы  бір  қызық мәлімет  мынадай. Осы  жылы  АҚШ әскери  базасы  өздерінің Жер  серігі  арқылы жұмбақ  белгілерді  тіркеді. Оны шешу, оқу мүмкін  емес-ті.  Белгілер  тіркелмеген  толқында  болған.  Әрі  арасына  тура  бір ай  салып  беріліп  тұрған. Бұл  белгілер бұрынғы  жұмбақ дабылдардан  бөлек  секілді. Беліглерді  шешетін  ешқандай код  оны  анықтай  алмаған көрінеді…  Амалсыз  американдықтар    Ресейден  көмек  сұрауға  мәжбүр  болды.  Өйткені белгі  Мұзды  мұхиттың Ресейге  қарайтын аймағынан беріліп  отырған. Ресей  әскерилері бұған еш  қатысы  жоқ  екенін  хабарлап, жұмбақ  дыбысты   зерттеуге   кірісіп  кеткен  көрінеді.  Солтүстік  мұзды  мұхиттың  астын  зерттейтін  батискафты  суға  түсіріп, олар жарты  ай дабыстың қайталануын күткен. Белгі  тура бір айда  қайталанып,  батискафта  отырғандар оның  қай  жерден  берілгенін  де анықтай  алған.  Дабыл  берілген жерге келіп,  арнайы  аппарт суға  түсірілді. Су астындағы  жартасқа  соғылған  белгісіз   ғарыш  кемесі  табылды.   Кеме  сигарға  ұқсаған.  Ешқандай  есік-тесігі жоқ.  Жалпы  көлемі  60 метрдің ар жақ,  бер жағы. Кеме құрамы белгісіз  темірден  жасалған.  Онда  ешқандай сырылған  із  жоқ. Өте тегіс,  жылтырып  тұр. Бір  жерін тесіп   көру  үшін  арнайы  бұрғылар пайдаланылғанымен,  ешқайсы  өтпеген. Тіпті  кесіп алуға да аралардың жүзі шыдамады. Әлгі  жұмбақ  аппараттан  шыққан  белгілерді аңдып,  тіркеп  тұрған  АҚШ  әскери  жер серігі  жердегілерге  «сендерді  белгісіз  тіршілік  иелері  сырттан  бақылап  отыр»  дегенді  айтқан. Бірақ бір  шақырым 
көлемінде қоршалып,  тірі  жан иесі  кіре алмайтын  маңда  «ондай  болуы мүмкін  емес»  деп  жердегілер сенбеген екен. Ақыры  белгісіз  ғарыш  кемесіне  түк  істей алмаған   зертеушілер,  амалсыз  нысана соқытығысқан  жартасты,  айналасындағы    балдыр,  өсімдіктерді  зертеуге  көшкен.  Бәлкім сол  арқылы кеменің қай  кезде  құлағанын  анықтауға  мүмкіндік  алмақ  болды  ма,  екен. Кім білсін. Сүйтсе, зерттеу әлгі  жұмбақ  нысанның  мұнда  тұрғанына   кем дегенде 8-10  мың  жыл болғанын көрсеткен. Мүмкін  емес.  Бірақ  нақты  дәлел! Осынша  ма  уақыт  су  астында  болғанымен  темір  ешқандай  шірімеген, бүлінбеген. Ғалымдар  «бұл қандай  темір»  деп  таң  қалысқан. Зерттеу  барысында  кеменің  ыстық  қысымнан  жартас балқып,  шегедей  тасқа айналған. Ғалымдардың  айтысына қарағанда егер осы  ғарыш кемесін  жасаған  темірдің  құрамын анықтай  алса, әлем үлкен жетістікке жетпек. Өйткені алмас бұрғы  өтпейтін,  алмас ара  кеспейтін  қатты  темір  әлі  күнге  жер  бетінде  жасалмаған  екен.  Сондай-ақ  жартасты балқытып  тұрып  қадалып  қалған  жұмбақ  кемені  су астынан алып  шығу  үшін қазіргі  техниканың  шамасы  жетпепті.Сондықтан оны   алып шығу  алдағы  уақыттың  еншісіне  қалдырылған.  Ал  жұмбақ  нысан  көкке  белгі беруді әлі  тоқтатпаған  көрінеді.   Әрине көкті  зертеу, онда  тіршілік  иелері  бар екенін  анықтау    ешқашан тоқталмақ  емес.  Мәселен, КСРО  1962  жылы  өзге  өркениетке  белгі    беру  үшін «Бейбітшілік.  Ленин. СССР»  деген  үш  сөзді ғарышқа жөнелтті. 1974  жылы  АҚШ-та көк  зеңгірге белгі жіберді. Бірақ  бүгінгі күнге  дейін  жеті  қат көк  аспаннан  хабар жоқ.  Ғалымдар  «бізге  ең  жақын  жұлдызға  жету  үшін жарық  бес жыл  жүреді,  ал  өзге  жұлдыздарға  кем  деген  де 60  жыл  керек.  Егер саналы  тіршілік  иесі бар өркениет бізден  100 жарық жылдамдығы жылындай  алыста  болса,  («Жарық жылы» дегеніміз жарықтың таралу жылдамдығын 300 000 км/с есебімен санағанда бір жыл ішінде өтетін қашықтық (9,46-1012 км немесе 10000 млрд. км) ол жақтан хабар келу  үшін  200 жыл қажет»  дейді. Ұзақ  мерзім. Қалай  айтсақ  та адамзаттың  өзге  өркенитті  іздеуіне  ештеңе  бөгет бола алмасы  хақ. Біз  өмір  сүретін  Галактикада 150  миллиард  жұлдыз бар. Ал оынң  қайсында  тіршілік  бары, бір  құдайға  ғана аян.

 

tazael.kz

Алдыңғы жазбаТұздың жаңа қаупі аталды – Денсаулық
Келесі жазба«…Жырына жолдың құрбан қып, басымды тіктім әйтеуір…» немесе жоғалып кеткен ақындар