Қоғамда әлсін-әлсін көтеріліп, талқыға түсіп тұратын тақырыптардың бірі ол – Парламенттік республикаға көшу. Осы ұсынысты көтерушілердің ойынша парламенттік елге айналсақ, демократия орнай қалып, әділеттілік салатанат құрып, өркениетке ілесіп кететіндей көрінеміз. Қайдам? Бұған біз даярмыз ба? Жоқ.
Әлемдегі 199 мемлекеттің не бәрі 41 ғана паралменттік ел болып табылады. Ал, қалғаны негізінен президенттік басқарылым я болмаса аралас билікті қанағат тұтқандар. Осы салыстырмадан -ақ праламенттік басқарылымнан гөрі, президенттік биліктің әлемде бәсі жүріп тұрғанын көруге болады. Иә, Италия, Индия, Израйль, Алмания, Австрия, Венгрия секілді көшбасшы мемлекеттер парламенттік басқарылымды қалағандар. Бірақ осыған жету үшін талай мәрте соқтықпалы, соқпақты жолдардан өткені белгілі. Ал, біз уақыт керек. Тәжірибе қажет. Мәселен, ТМД көлемінде парламенттік басқарылымды қалаған Армения мен Грузияны алайық. Бұлардың ұшпаққа шыққаны шамалы. Үнемі елдерінде, шеру, бұлғақ, төңкеріс. Атам қазақ «қолың көтермес шоқпарды беліңе байлама» деп бекер айтпаса керек-ті. Бұғанағы қатпаған парламенттік елдерде бір заңды қабылдау үшін айлар керек, тіпті жылдарға созылып кетуі ықтимыл. Бұдан мемлекет, халық, экономика зардап шегері хақ. Бұл жөнінде президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың «Ана тіліне» берген сұхбатында «Посткеңестік елдерде парламенттік басқару жүйесі жақсы қырынан көріне алған жоқ деген пікірге келісесіз деп ойлаймын. Грузиядағы соңғы оқиғалар осы пайымға нақты дәлел бола алады.Мемлекеттік биліктің саяси жүйесін таңдау – айрықша жауапты шешім. Мұндай шешімдер үркердей топтың оңаша басқосуында емес, тек қана жалпыхалықтық референдумда қабылдануы керек. Президенттік басқару тәсілі Қазақстан үшін қазір де, таяу кезеңде де ең ұтымды тәсіл» деп қадап тұрып айтқанындай , елді ала тайдай бүлдірмес үшін, бізге әзірге президенттік басқарылым керек екені , шығар күннің көзіндей шындық.