Home Жаңалықтар Тұздың жаңа қаупі аталды – Денсаулық

Тұздың жаңа қаупі аталды – Денсаулық

52

Германиядағы Мюнхен университетінің ғалымдары ағзаға түскен шамадан тыс тұздың аллергия тудыруы мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы MedicalXpress сайтында жазылған, – деп хабарлайды Lenta.ru.

Мамандар оғаш дерматиті бар науқастардың терісіне зерттеу жүргізген. Оғаш дерматит – созылмалы аллергиялық ауру. Зерттеуге алынған терідегі натрий деңгейінің нормадан 30 есеге көп екенін анықталған.

Осылайша, ғалымдар натрий хлоридінің ағзада интерлейкин-4 (IL-4) пен интерлейкин-13 (IL-13) ақуыздарын арттыратынын айтады. Нәтижесінде тұздың құрамындағы осы элементтер арқылы түрлі тері аурулары пайда болып, асқынып, тіпті оғаш дерматиттің тууы мүмкін екені анықталып отыр.



[ad_2]

Дереккөз: kaz.tengrinews.kz

Алдыңғы жазба«Оскар-2019»: Жылдың үздік фильмі анықталды – Кино
Келесі жазбаАңыз бен ақиқат