Home Басты жазба Алты ғасыр тұрған Ақсүмбе мұнарасы құлады

Алты ғасыр тұрған Ақсүмбе мұнарасы құлады

17
АТА ЖҰРТТЫ КҮЗЕТКЕН АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАҢНАН АЙЫРЫЛДЫҢ, АЛАШ БАЛАСЫ!
БҮКІЛ ДЕШТІ–ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫ ҚҰЛАЗЫП ҚАЛДЫ!
Атақты археолог Кемел Ақышев ағамызға тосын сұрақ қойып: «Кемел аға, егер Ақсүмбе мұнарасы құласа не болар еді?» дегенде ол кісі: О, шырақтарым, Құдай оны басқа салмасын, онда бүкіл Дешті-Қыпшақ даласы құлазып қалады ғой,-деген екен.
Құдай соны басқа салды!
Дешті-Қыпшақ даласының Қарауыл мұнарасы құлады!
Түркістан облысы Созақ ауданындағы орта ғасыр ескерткіші – Ақсүмбе мұнарасының биік қыр басында, жел өтінде тұрғанына алты ғасырдан асып еді. «Зафарнамеде» Әмір Темір Көрегеннің 1389-1390 жылдардағы Тоқтамыс ханға қарсы жорықтарын бақылап отыру үшін салынған Қарауыл мұнарасы, яғни ішіне от жағып жаудан хабар беретін әскери-қорғаныс маягы болған. Ақсақ Темір осы жерде шатыр тігіп түнеген. Қаратау сілемдерінің Бетпақдаламен түйісетін тұсында орналасқан осы ескерткішті 2019 жылы барып көргенімде мүжіліп құлауға айналғандай көрінген. Кезінде бұл мұнараның биіктігі 25 метр, ені 18 метр болған, мен көргенле биіктігі 11 метрдей, ені 8 метрдей еді. Қайбір жылы «Қазжөндеу» мемлекеттік мекемесі Сауран топырағынан құйылған қам кесекпен сыртынан қоршауды қолға алып еді. Оны да қатырмай жайына кетіп, қайта-қайта сыртқы сылағы түсіп, бөрене тыққан қоршау қабырғасы бірнеше жерінен опырылып еді. Оны жөндегенсымақ та болған. Төбесін ашық қалдырғандықтан, жауған қар мен сорғалаған жаңбыр қоя ма, ақыры мынау болды, сыртқы дуалы жермен-жексен құлағанда ішіндегі алты ғасырға шыдас берген ғажайып ескерткішті, мемлекет қорғауындағы тарихи мұнараны өзімен бірге қоса жұлып алып кетті! Сұмдық!!! Сол бойы жөндеусіз-ақ тұра бергенде, әлі де жүз жылға шыдас берер ме еді? Обалыңа қалдық-ау, қайран, Ақсүмбе, қайран ару Ақбикеш!!!
Төреғали  Ташенов (ФБ  парақшасынан)
Алдыңғы жазбаМұнай кеніштеріндегі келісімшарттар қайта қарала ма?
Келесі жазба2 ақпан – Ұлттық басылым күні