Бүгін, 2 ақпанда қазақ баспасөзінің тарихындағы ерекше күн – Ұлттық басылым күні аталып өтіліп жатыр. Осы күні Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді ұлт зиялылары негізін қалаған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарық көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тарихқа үңілсек, «Қазақ» газеті ұлт мүддесі жолында халқымызды жарқын болашаққа бастай білді. Басылым қазақ қоғамының рухани дамуына орасан зор ықпал етіп, бірлік пен ынтымақтың ұйытқысы болды.
1991 жылы елімізде небәрі 10 республикалық газет-журнал шығып, 21 теле-радио арна жұмыс істесе, 2025 жылғы қаңтардағы мәліметтер бойынша Қазақстанда 4 499 БАҚ тіркелген. Оның ішінде 2 981 мерзімді басылым, 229 телеарна, 96 радиостанция, сондай-ақ 1 193 ақпараттық агенттік пен интернет-басылым бар.