Home Жаңалықтар ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді

35

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді.

Сапар аясында өңірдегі бірнеше нысанға барып, жұртшылық өкілдерімен кездесу жоспарланған.

Мемлекет басшысы отандық химия өнеркәсібінің ту ұстары – «Қазфосфат» ЖШС өндіріс орындарына барады.

Сондай-ақ өз өмірінің құнымен адамдарды террористен құтқарған полицей, Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың отбасымен кездеседі.

Бұдан бөлек Президент «Ежелгі Тараз» тарихи-археологиялық кешенінің жұмысымен танысады.

«Арай-плаза» бизнес орталығында Жамбыл өңірінің жұртшылығымен кездесу өтетіні көзделген.

inform.kz

Алдыңғы жазба7-20-25: Ипотека алушының нотариустық шығындары 10 мың теңгеден аспауы керек
Келесі жазбаМұз астынан табылған ежелгі киімдер сапасы таңғалдырады – ғалымдар