Home Жаңалықтар Алматылық тиіннің келбеті өзгереді

Алматылық тиіннің келбеті өзгереді

39

Алматылықтар мен қала қонақтарыныңкөзайымына айналған Атакенттегі әйгілі алыптиіннің сырт келбеті өзгереді. Бұл туралы Funkагенттігінің жетекшісі Майра Измайлова хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Оның айтуына қарағанда, тиін аталмыш орынғақойылғалы бері «Атакент» аумағындаайтарлықтай ауқымды қоғамдық-мәдени кеңістікқалыптасып қалған. Десе де, осы жылдың шілдеайында тиін өзінің «тіршілігін тоқтатады».

Әйгілі арт-нысанды жаңа жобаEcobеlka күтіп тұр.

«Біздің команда керемет жоба ойлап таптыбұл эко-арт жоба. Осы жазда тиінніңреновациясын іске асырамыз. Тиін қайталамашикізаттан жасалады», — дейді МайраИзмайлова.

Тиіннің болашақтағы келбеті

Ұйымдастырушылар тиінді пластик панельдермен қаптағалы отыр. Ол панельдерқайта өңделген пластиктерден жасалады.

«Тиіннің арқауында металл мен ағаштанжасалған тірек бар. Өзінің қызмет ету уақытынаяқтап қойған сабанды алып тастаймыз. Сыртқықабыршақты ауыстырып, ескі арқауға жаңаматериалдан жасалған панель ілінеді. Тиін ескіқалпында қалғанымен, заманға сай стиль бойынша экоматериалдардан тұратын болады», — дейді жобаны ұйымдастырушылар.

Еске сала кетейік, былтыр Алматы облысындасабан шөптен жасалған тиін пайда болғанытуралы жазған болатынбыз.

«Тиіннің құны миллиард теңге емес. Ғаламтордатараған ақпаратжалған. Тиін мемлекет пен Funk агенттігінің бірлесіп жүзеге асырған жобасы. Мемлекет тарапынан 15 миллион теңге қаржыжұмсалды, ал жобаның жалпы құны 23 миллион теңгені құрады», — деді Funk агенттігініңбасшысы Майра Измайлова.

Анар Мұстафина

Алдыңғы жазбаШҚО-да жер сатылып жатыр деген әңгіме өтірік болып шықты
Келесі жазбаДереккөз: Он жылда Түркіменстаннан 1,9 миллион адам көшіп кеткен