Home Жаңалықтар Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

Алматыда Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды

55

Алматыда композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ескерткіш Республика сарайының солтүстік жағында қойылды.

«Шәмші ағамыз өзінің әндерін жастарға да, жастардың маххабатына да, думанға да, ел абыройын асқақтататын жағына да бағыштаған. Ол әндерімен әр шаңырақты тербетіп қойған жоқ. Бүкіл қазақ жерін тербетті. Ел тәуелсіздік алған соң халық әртісі атағын алды. Ал бірақ халқы оның атағын одан әлдеқайда бұрын берген. «Қазақ вальсінің королі» деген. Ондай атаққа жететін атақ жоқ. Бұл – елдің, халықтың сүйспеншілігі», – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

inform.kz

 

Алдыңғы жазбаАлматыда сатушысы жоқ дүкен ашылды
Келесі жазбаӘлемдегі 11 мың ғалым климаттың өзгеріп жатқанын айтып дабыл қақты