Home Басты жазба Қастандықтың артында кім тұр, Билік пе әлде жеке тұлға...

Қастандықтың артында кім тұр, Билік пе әлде жеке тұлға ма?

297

Қазір  әлеуметтік  желіде  шу болып  жатқан бір тақырып,  ол  – «Бәсе»   арнасының  жүргізушісі Айдос  Садықовқа  18  маусым күні  Киевтің дәл  орталығында қастандық  жасалуы. Оқ  тиген  Айдос   қазір  ауруханада  жатқан  көрінеді. 

Ал жары Наталья Садықова  дін аман. Ол  қазір  қастандыққа    тапсырыс беруші  деп Қазақстан  билігін айыптауда. Бұл  қаншалықты  ақиқат? Рас, оппозициялық журналист қоғамдағы  әділетсіздікті, кешегі  Назарбаевтың  жүйесінде, бүгінгі  Тоқаевтың  басқаруында қырына алып  жүрген  азамат. Бірақ  соған қарап қастандықтың артында  Қазақстан  билігі тұр  деп  бір  жақты айтуға  болмас. Садықов  өз  арнасы арқылы  тек  билікті  ғана  емес,  олигарх – кәсіпкерлерді  де  һәм өзгелерді де нысанаға  алды. Бәлкім  Айдостың  сынына  шыдамаған  сондайлардың  бірі   тапсырыс  беруіде  мүмкін. Бұдан  тыс мемлекетпен  мемлекет,  елмен  елдің  арасына  сына  қаққысы  келген арандатушы  үшінші  бір күштердің  тапсырысы болуыда  кәдік. Қазіргі  геосаяси  жағдай  ушығып  тұрғанда, бұл  болжамда әбден  мүмкін. Сайып келгенде, Айдос Садықов билікке  оппозиция  болып, ел  тізгінін  қолына алайын деп  күресіп жүрген  азамат емес екені  әмбеге аян.  Ол  бар  жоғы  қоғамдағы былықты  ашып көрсетіп  жүрген  еліміздегі  оппозициялық  бағыттағы   медиа  ресурстың  өкілі  ғана. Демек, билікке  ол   сондайлық  қауіп  төндіріп  тұрған  жоқ. Олай  болса, биілікті кінәлаудың  жөні жоқ.

Айтпақшы,  Украина  құқық  орындары  Айдосқа қастандық жасаған  екі  адамды  ұстады деген  хабар тарап  жатыр.  Ол  екі адам  Қазақстан азаматтары  көрінеді. Бірі   тіпті Қостанайлық ДВД  қызметкері екен. Егер  осы ақпарат рас  болса, алдағы уақытта  қастандыққа  тапсырыс  берушіде анықталып  қалар.

Азаматхан  Әміртай

«Байтақ»  жасылдар  партиясының төрағасы

Алдыңғы жазбаҚазақстанда масс-медиа туралы жаңа заң қабылданды
Келесі жазбаКорея қазақстандықтарды жұмысқа ала бастайды