Шығыс Қазақстан облысында 40 мың гектар жер шетелдіктерге сатылып кетті деп ғаламторда жүрген әңгімені жергілікті атқамінерлер теріске шығарды деп хабарлайды КТК арнасы.
Онда жергілікті халықты көшіру үшінәрқайсысына 5 млн теңгеден беріліп жатқаны дасөз болады. Аймақтағы атқамінерлер мұныңжалған ақпарат екенін мәлімдеді.
Қазақстанда жерді сатуға мораторийжарияланған. Сондықтан қандай да бір шетелазаматына тоқымдай да жер берілмепті. Шенеуніктер жұртты түрлі месенджерлердетараған жалған ақпаратқа дүрлікпей, сабырлықсақтауға шақырады.
«Жер тек Қазақстан азаматтары меншетелдік үлесі жоқ қазақстандық заңдытұлғаларға беріледі. Күршім ауданының ауылшаруашылығы жерлерінде өзіміздің азаматтарқалыпты жағдайда егін егіп, малдарын бағыпеңбектеніп жатыр. Жалған ақпараттартпауларыңызды сұраймыз«, – дейді Күршімауданының әкімі Дулат Қажанов.
Еске сала кетейік, жердің шетелдіктергесатылмайтынын таяуда мемлекет басшысыҚасым–Жомарт Тоқаев та қадап айтқан болатын.
Дерек көз. КТК арнасы.