Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді.
ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 5 қарашада Астана уақыты бойынша 10 сағат 00 минут 30 секундта жер сілкінісі тіркеген.
«Жер сілкінісінің координаттары: 43.261 с.е; 77.310 ш.балл. Жер сілкінісі ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада.
Есептік қарқындылығы:
- Алматы 3 балл.
- Талғар 4 балл.
- Есік 4 балл.
- Түрген 3.0 балл.
- Өтеген-Батыр ауылы 3 балл.
- Боралдай 2 балл.
- Маловодное 2 балл.
- Ж. Қайыпов 2 балл.
- Алатау (Жетіген) 2 балл.
- Қарасай (Қаскелең) 2 балл.