Home Жаңалықтар Азиядағы ең бай адам анықталды

Азиядағы ең бай адам анықталды

38

Джек Ма Азиядағы ең бай адам болып танылды, – деп хабарлайды Fortune.

Басылымның мәліметінше, осыған дейін ең бай адам ретінде саналған үндістандық кәсіпкер Мукеш Амбани 5,8 миллиард доллардан айырылып қалған.

Forbes дерегіне сүйенсек, Амбанидың байлығы 41,8 миллиард долларға бағаланып отыр. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдардың рейтингінде 19-орында тұр. Ал Джек Маның активтері 44,5 миллиард долларға бағаланып отыр, яғни 17 205 триллион теңгеге.

Бірақ, басылымның мәліметінше, коронавирус әлемдік компаниялардың табысына кері әсерін тигізіп жатыр. Өткен аптаның өзінде әлемнің ең бай адамдары 18,8 миллиард доллардан аса ақшадан айырылған.

Алдыңғы жазбаҰлттық қорда 27 триллион теңге бар – министр
Келесі жазбаҚордайдағы қақтығыс: 5 адам ұсталды