Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Tengrinews.kz ақпарат көзі растады.
Айта кетейік, Хасан Қасымбаевтың ұсталу себебі туралы ресми ақпарат әзірге айтылмаған. Желідегі алғашқы хабарламалар 4 қарашада таңертең пайда болды.
Хасан Қасымбаевтың аты Талғардағы атышулы адам өлтіру оқиғасынан кейін шыққанын айта кеткен жөн.
Еске салайық, Талғарда 16 жастағы Шерзот Болатты аяусыз өлтіру оқиғасы 4 қазанға қараған түні болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 11 адам ұсталып, қамауға алынды. Тергеуді Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов бақылауға алды. Талғарға ІІМ тобы жіберілді.
Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Азат ауылында Шерзат Болаттың отбасының үйі өртенді. Бас прокуратура үйді өртеп жібергендерді табуға уәде берді.