Home Жаңалықтар Алматыда үш бала суға батып кетті

Алматыда үш бала суға батып кетті

49

Құтқару қызметтері Алатау ауданында жоғалған оқушыларды іздестіру шараларын тоқтатты, деп хабарлайды zakon.kz.

Өкінішке қарай, Денис Мельников, Вадим Сизов, Сабыр Дүйсенғалиевтер қаза тапты.

– Жазым болған оқушылардың отбасылары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Полиция департаменті мен ТЖ қызметтеріне себептерді анықтау жөнінде арнайы топ құруды тапсырдым. Зардап шеккен отбасыларға көмек көрсетеміз. Тергеу барысы менің жеке бақылауымда болады, деп жазды желіде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алғабас ықшамауданында 2006 жылы туған балалардың жоғалып кеткені хабарланған.

Алдыңғы жазбаБас прокуратура: Үш адам «ұлтаралық араздық қоздыру» күдігіне ілінді
Келесі жазбаБлок-посттар тұр: Қордай жақта не болып жатыр